Мен, Маматова Гүлнар Өгізбайқызы, 1990 жылы Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтын бітірген соң, Қызылорда облысының №142 орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі, 1992-2000 жылдары Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Жоғары математика және физика» кафедрасында оқытушы қызметін атқардым. 2000 жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетіне аспирантураға түсіп, 2004 жылы Нью-Йорк Ғылыми Академиясының академигі, ҚР Ұлттық Инженерлік Академиясының академигі Ә.Н.Төреқожаевтың жетекшілігімен 01.02.04- «Деформацияланатын қатты денелер механикасы» мамандығы бойынша физика-математика ғылымдарының кандидаты дәрежесіне диссертация қорғадым. 2004-2016 жылдар аралығында Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-да, 2016-2019 жылдар аралығында Азаматтық авиация академиясында қауымдастырылған профессор қызметін атқардым. 2019 жылдан бері әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультетінің, химиялық физика және материалтану кафедрасында жұмыс жасаймын.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
22.10.2004
Қызығушылығы
Автордың құжаттары

7

Цитирования
13 по 12

құжаттар

h-индексі

2